Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мейірім Нұрсұлтановтың чемпиондық айқасына қатысты жаңа шешім шықты

WBC доминикандық боксшыға титулдық емес жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.

Мейірім Нұрсұлтановтың чемпиондық айқасына қатысты жаңа шешім шықты
Vesti.kz

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске титулдық емес жекпе-жек өткізуге рұқсат берілді. Алайда доминикандық боксшы жеңіске жетсе, келесі кездесуін міндетті түрде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізуі тиіс.

WBC баспасөз қызметінің мәліметінше, Адамес Zuffa Boxing лигасымен келісімшартқа отырғаннан кейін ұйымнан 17 қарашада өз салмағының лимитінен жоғары дәрежеде титулдық емес айқас өткізуге рұқсат сұраған. WBC басқарушылар кеңесі чемпионның өтінішін қанағаттандырды.

"WBC чемпионы Адамес жеңіске жеткен жағдайда оның келесі қарсыласы міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтанов болуы тиіс. Адамес – Нұрсұлтанов жекпе-жегінің жеңімпазы кейін WBC уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос-жуниормен кездеседі", – делінген ұйым мәлімдемесінде.

Карлос Адаместің чемпиондық белбеуді қорғауға қатысты міндеттемелері WBC-дің жыл сайынғы конгресінде тағы талқыланады.

Конгресс 8-13 қараша аралығында Мексиканың Акапулько қаласында өтеді.

Нұрсұлтанов чемпиондық мүмкіндігін 2023 жылдан бері күтіп жүр

Мейірім Нұрсұлтанов қазір WBC рейтингінде бірінші орында тұр.

Қыркүйекте Нұрсұлтанов америкалық Хесус Рамосқа қарсы WBC уақытша чемпиондық атағы үшін жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда Рамос салмақ қуу кезінде денсаулығына байланысты жекпе-жектен шығып қалды. Алдын ала ақпаратта оның тағамнан улануы мүмкін екені айтылды.

Осыдан кейін WBC Мейірім Нұрсұлтановты Карлос Адаместің негізгі чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекітті.

Бұл туралы не ойлайсыз?