ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Тәшкенбай 35-орында. WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады

Ал орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің бірінші орнын сақтап қалды.

Тәшкенбай 35-орында. WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады
NUR.KZ

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның бірнеше өкілі өз позициясын жақсартса, Санжар Тәшкенбай алғаш рет WBC рейтингіне енді.

WBC-дің ресми мәліметі бойынша, рейтинг 2026 жылғы 3 қыркүйекте жаңартылған.

Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орында қалды

Орта салмақта қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің бірінші орнын сақтап қалды. Осы дивизиондағы ұйымның әлем чемпионы – доминикандық Карлос Адамес.

Нұрсұлтановты 19 қыркүйекте АҚШ-та маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Қазақстандық боксшы Сан-Диегода WBC-дің уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос кішімен кездеседі.

Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орында қалды
Фото: qazsporttv.kz

Бұл айқаста Рамос уақытша чемпиондық белбеуін қорғайды. Демек, жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов алғаш рет WBC әлемдік титулын иеленуге мүмкіндік алады.

Бек Нұрмағанбет алғашқы 15 боксшының қатарында

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, WBC рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық боксшы 13-сатыда тұрған.

Ал жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахмедов бұрынғы позициясын сақтап, 28-орында қалды.

Зәуірбек, Павлов және Сойлыбаев жоғарылады

Екінші жартылай жеңіл салмақта бірден үш қазақстандық боксшы WBC рейтингіне енген.

Зәуірбек, Павлов және Сойлыбаев жоғарылады
Фото: sportarena.kz
  • Сұлтан Зәуірбек - 16-орын
  • Евгений Павлов - 26-орын 
  • Бекман Сойлыбаев - 38-орын

Санжар Тәшкенбай WBC рейтингіне алғаш рет енді

Жаңартылған рейтингтегі басты өзгерістердің бірі – Санжар Тәшкенбайдың тізімге қосылуы.

Қазақстандық боксшы бірінші ең жеңіл салмақта бірден 35-орынға орналасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.