Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі беделді турнирде күміс жүлде алды

Финалда Алан Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэнмен кездесті.

Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі беделді турнирде күміс жүлде алды
olympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Қытай астанасы Бейжіңде өткен WTT China Youth Smash жастар турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының өкілі U-19 санатында сынға түсіп, жарыс барысында финалға дейін жетті.

Алты матчта жеңіске жетті

Құрманғалиев турнир барысында алты кездесу өткізді және барлығында жеңіске жетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі У Ифейді тартысты матчта 4:3 есебімен жеңді.

Финалда Қытай өкіліне жол берді

Финалда Алан Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэнмен кездесті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады. Осылайша, Құрманғалиев WTT China Youth Smash жарысының күміс жүлдегері атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?