Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының гимнасшылар тізімі жарияланды
Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама 17-25 қазан аралығында Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Ел намысын алты гимнасшы қорғайды. Құрамаға енгендер:
- Нариман Құрбанов;
- Милад Карими;
- Дмитрий Патанин;
- Ілияс Әзизов;
- Нұртан Ыдырысов;
- Роман Хегай.
Роттердамдағы әлем чемпионаты 17-25 қазан аралығында өтеді. Аталған дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы кезеңі болмақ. Жарыс барысында Олимпиадаға арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.
Бұл туралы не ойлайсыз?