Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бублик – Зверев матчы: Ойынның нақты есебі айтылды

Матч 13 қазанда Шанхайдағы "Цичжун" теннис орталығында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен шамамен 15:00-де басталады.

Бублик – Зверев матчы: Ойынның нақты есебі айтылды
sportarena.kz

Жасанды интеллект Шанхайдағы ATP Masters 1000 турнирінің 1/8 финалында кездесетін қазақстандық Александр Бублик пен германиялық Александр Зверев арасындағы матчтың ықтимал есебін атады.

Жасанды интеллект Зверевті матчтың фавориті деп бағалады. Алайда Бубликтің германиялық теннисшіге қолайсыз қарсылас екеніне де назар аударды.

Қазіргі өзара кездесулер есебі – 3:1, Бубликтің пайдасына.

Соңғы матч 2023 жылы Галледегі шөп төсенішінде өтті. Сондықтан сол нәтижелерді Шанхайдағы хардқа тікелей көшіру дұрыс емес деп.

Бублик Накашиманы жеңді

Бублик алдыңғы айналымда америкалық Брэндон Накашиманы 6:7, 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші сол матчта:

  • 22 эйс орындады;
  • қарсыласына бірде-бір брейк-пойнт бермеді;
  • екінші доп беруде 22 ұпайдың 19-ын жеңіп алды.

ЖИ болжамында дәл осы доп беру сапасы Зверевке қарсы матчтағы негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін екені айтылған.

Зверев те доп беруде сенімді

Зверев үшінші айналымда француз Кентен Алисті 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Екі сағат 17 минутқа созылған кездесуде германиялық теннисші де бірде-бір брейк-пойнтқа тап болған жоқ. Сонымен қатар ол екінші сеттің тай-брейгінде екі матчболды пайдалана алмады.

Осыны ескерген жасанды интеллект матчта кемінде бір тай-брейк болуы мүмкін деп күтеді. Бублик бір сет ұтуға қабілетті болғанымен, үш партиялық матчта Зверевтің тұрақтылығына көбірек басымдық берілген. Болжам: Зверевтің жеңісі – 2:1. Сеттер бойынша: 7:6, 4:6, 6:4.

Айта кетейік, матч 13 қазанда Шанхайдағы "Цичжун" теннис орталығында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен шамамен 15:00-де басталады.

Жеңімпаз ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?