Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бублик әлемнің екінші ракеткасын тығырыққа тіреді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайдағы ATP Masters 1000 турнирінің 1/8 финалында әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверевтен жеңілді.

Бублик әлемнің екінші ракеткасын тығырыққа тіреді
usopen.org

Екі сет тай-брейкте шешілді

ATP рейтингінде 22-орында тұрған Бублик германиялық қарсыласына 6:7, 6:4, 6:7 есебімен жол берді. Матч 2 сағат 41 минутқа созылды.

Алғашқы партияда тай-брейкте ұтылған қазақстандық теннисші екінші сетте басым түсіп, есепті теңестірді. Шешуші партия да тай-брейкке ұласып, бұл жолы Зверев 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Зверев ширек финалға шықты

Осы нәтижеден кейін Бублик Шанхайдағы жарыспен қоштасты. Ал Зверев ширек финалда әлемдік рейтингтің тоғызыншы сатысындағы австралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі.

Турнир чемпионы 1 151 380 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?