Александр Шевченко Қытайдағы турнирде фаворитті жеңді
Қазақстандық теннисші Цзинаньнда өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің екінші айналымына шықты.
Шевченкоға жеңіс үшін 64 минут жеткілікті болды
Әлемдік рейтингте 111-орында тұрған Шевченко алғашқы айналымда ATP тізімінің 61-сатысындағы Кецмановичпен кездесті.
1 сағат 4 минутқа созылған матч қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Бұл екі спортшының өзара алғашқы кездесуі болды.
Шевченко матч барысында бес эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Өз доп беруінде бір геймнен айырылды және қарсыласының доп беруінде үш геймді жеңіп алды.
Келесі қарсыласы – жапониялық теннисші
Екінші айналымда Александр Шевченко жапониялық Джей Дилан Хара Френдпен күш сынасады. Ол ATP рейтингінде 260-орында тұр.
Бұл туралы не ойлайсыз?