Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина чемпиондық титулын қорғау үшін Қытайға аттанды

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы WTA 500 турниріне дайындығын бастады.

Елена Рыбакина чемпиондық титулын қорғау үшін Қытайға аттанды
Weibo

Әлеуметтік желілерде Рыбакинаның сайысқа дайындығы және қонақүйге келген сәті түсірілген видео жарияланды. Теннисшіні турнир ұйымдастырушылары гүл шоқтарымен қарсы алды.

Рыбакинаның алғашқы қарсыласы әзірге белгісіз. Турнирдің жеребесі бүгін Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Әлемнің бірінші ракеткасы жарыстың негізгі фавориттерінің бірі ретінде бірінші айналымда ойнамайды.
Былтыр Елена Рыбакина Нинбода өткен турнирдің финалында ресейлік Екатерина Александровадан үш сетте басым түсіп, чемпион атанған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?