Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина жаңа жылды қай турнирден бастайтыны белгілі болды

Әйелдер арасында WTA 500 санатында өтетін жарыс 3-10 қаңтар аралығында өтеді.

Елена Рыбакина жаңа жылды қай турнирден бастайтыны белгілі болды
Vesti.kz

Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінің көшбасшысы Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды қандай турнирден бастайынын анықталды. 

Brisbane International жарысының баспасөз қызметі алғашқы қатысушылардың есімдерін жариялады. Олардың қатарында Рыбакина мен германиялық Александр Зверев бар.

Турнир 3-10 қаңтар аралығында өтеді

Brisbane International Австралияның Брисбен қаласында 3-10 қаңтар аралығында өтеді.

Әйелдер арасындағы жарыс WTA 500, ал ерлер турнирі ATP 250 санатына кіреді.

"Брисбен, жазғы турниріңнің құрамы қазірдің өзінде әсерлі. Әлемнің бірінші ракеткалары қатысуын растады. Бұл әлі бастамасы ғана", – деп жазды ұйымдастырушылар. 

Рыбакина Брисбенде бұған дейін жеңген

Елена Рыбакина Brisbane International турнирінде бұған дейін де сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші 2024 жылы осы жарыстың чемпионы атанды.

Қазіргі таңда әйелдер арасындағы жекелей сында турнирдің чемпионы – Арина Соболенко.

Бұл туралы не ойлайсыз?