Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Еркебұлан Тоқтар тарихи "алтын" алған чемпионға көрімдік берді

Темірлан Тілеулес Жапонияда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Еркебұлан Тоқтар тарихи "алтын" алған чемпионға көрімдік берді
Offside.kz

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар 2026 жылғы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған таеквондошы Темірлан Тілеулесті құттықтап, 100 доллар көлемінде көрімдік берді. Танымал файтер жас спортшымен кездескен сәтінің видеосын Инстаграм парақшасында жариялады. 

Еркебұлан Тоқтар тарихи "алтын" алған чемпионға көрімдік берді
Скриншот

Тілеулес Қазақстан тарихына енді

Темірлан Тілеулес Жапонияда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Турнир барысында ол Оман, Иран және Оңтүстік Корея өкілдерін жеңіп, финалға шықты.

Шешуші жекпе-жекте Қазақстан спортшысы Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты.

Осы нәтижемен Тілеулес Қазақстан тарихында жазғы Азия ойындарында таеквондодан алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?