Рыбакина Нинбодағы турнир алдында маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнир алдында денсаулығына қатысты пікір білдірді.
Рыбакина Бейжіңдегі турнирден кейін жарақатына байланысты ойындардан үзіліс алып, Ухань қаласында өткен WTA 1000 турниріне қатыспады.
"Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Біраз демалуға мүмкіндік болды. US Open-нен кейін көп сапарға шығып, түрлі іс-шараларға қатыстым. Қазір жағдайым жақсарып келеді, ең үздік бабымды қалпына келтіруге тырысып жатырмын. Нинбода жүргенімізге бірнеше күн болды, жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Турнирдің қалай өтетінін уақыт көрсетеді. Алдағы екі апта WTA қорытынды турниріне дейінгі соңғы дайындық кезеңі болады деп үміттенемін" — деді теннисші Нинбодағы сұхбатында.
Нинбодағы турнирде Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Кристина Букша (Испания) мен Полина Кудерметова (Өзбекстан) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.