Рыбакина қарсыласын 33 минутта жеңіп, Қытайдағы турнирдің ширек финалға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Нинбо қаласында WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Қарсыласы бірінші сетте ойыннан бас тартты
Нинбодағы турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездесті. Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған қарсыласына Рыбакина алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. Ол бірінші сетте 5:0 есебімен алға шыққан сәтте Кудерметова кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Осылайша небәрі 33 минутқа созылған матч Елена Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Ал өзбекстандық теннисші турнирдегі өнерін тоқтатты.
Ширек финалда кіммен кездеседі?
Бұл жеңістен кейін Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Енді ол әлемдік рейтингте 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі.
Алдағы матчта Рыбакина жартылай финалға шығу үшін таласады.
Қытайдағы беделді жарыстың жеңімпазы 185 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар чемпионның еншісіне WTA рейтингінде 500 ұпай жазылады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина – Нинбодағы турнирдің қазіргі чемпионы. Қазақстандық теннисші биыл да чемпиондық атағын қорғауға ниетті.