Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Төрешілер, жанкүйерлер мен тіл тигізу: "Ақтөбе" мен "Ордабасы" жауапқа тартылды

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитеті Премьер-лиганың 23-туры аясындағы матчқа қатысты шешімін шығарды. 

Төрешілер, жанкүйерлер мен тіл тигізу: "Ақтөбе" мен "Ордабасы" жауапқа тартылды
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитеті 2026 жылғы 20 қазанда өткен отырыста Премьер-лиганың 23-туры аясындағы "Ақтөбе" – "Ордабасы" матчына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

Нәтижесінде "Ақтөбе" клубына бірнеше эпизод бойынша айыппұл салынса, "Ордабасы" матчтың кеш басталуына байланысты жазаланды.

"Ақтөбеге" салынған айыппұлдар

Комитет матчты тиісті деңгейде ұйымдастырмау, қауіпсіздік талаптарын және чемпионат регламентін сақтамау фактісін қарады.

ҚФФ мәліметінше, "Ақтөбе" клубының директоры Б. Дүзелбаев төрешілер бөлмесіне рұқсатсыз кірген. Бұл ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының бұзылуы ретінде бағаланды. Осыған байланысты "Ақтөбе" клубына 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Оны 2026 жылғы 20 қарашаға дейін төлеу қажет.

Бұдан бөлек, "Ақтөбе" жанкүйерлерінің матч барысында ресми тұлғаларға қатысты балағат сөздер айтып, қарсылас командаға тіл тигізгені де комитет назарынан тыс қалмады. Осы эпизод үшін клубқа тағы 200 АЕК айыппұл салынды. Төлем мерзімі – 20 қараша 2026 жылға дейін.

"Ақтөбенің" бас бапкері Игорь Черевченкоға беделге нұқсан келтіретін сипаттағы мәлімдемелері үшін жаза қолданылды. ҚФФ Этикалық кодексіне сәйкес, маманға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы да 20 қарашаға дейін төлеу қажет.

"Ордабасыға" 60 АЕК айыппұл

"Ордабасы" командасы киім ауыстыратын бөлмеден кеш шыққандықтан, матч 3 минутқа кеш басталған. Осы үшін шымкенттік клубқа 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлды төлеудің соңғы мерзімі – 2026 жылғы 20 қараша.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Ақтөбе 5-орын