Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

81 келіге дейінгі салмақтың J2 класында өнер көрсеткен отандасымыз финалда Ким Донхунды (Оңтүстік Корея) иппонмен жеңіп, жарыс чемпионы атанды. Осы салмақ дәрежесінде Ғалымжан Смағұлұлы да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол Иран дзюдошысы Реза Голамиден басым түсіп, қола медаль иеленді.

Пара Азия ойындарында әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақта J2 класында сынға түскен Даяна Федосова да қола жүлдеге қол жеткізді. Дзюдошы үшінші орын үшін өткен белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 21-ге жетті. Оның төртеуі алтын медаль.

Бұл туралы не ойлайсыз?