Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ризабек Айтмұқан RAF лигасы рейтингінде үздік бестікке кірді

22 жастағы балуанның RAF-тегі қазіргі көрсеткіші – 1 жеңіс, 1 жеңіліс.

Ризабек Айтмұқан RAF лигасы рейтингінде үздік бестікке кірді
Vesti.kz

Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Ризабек Айтмұқан америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасының жартылай ауыр салмақ рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Айтмұқанның алдында төрт қарсылас тұр

Жартылай ауыр салмақтағы үміткерлер рейтингінің көшін Бахрейн атынан өнер көрсететін Ахмед Тажудинов бастап тұр.

Одан кейін:

  • Абдулрашид Садулаев;
  • Гиви Мачарашвили;
  • Трент Хидлей;
  • Ризабек Айтмұқан.

Ал дивизионның чемпиондық белбеуі америкалық Кайл Снайдерге тиесілі.

Айта кетейік, Айтмұқан RAF лигасында әзірге екі белдесу өткізді. Сәуір айында Филадельфияда өткен RAF 08 турнирінде қазақстандық балуан бірден чемпиондық белбеу үшін Кайл Снайдермен күресті.

Ризабек белдесу барысында 6:0 есебімен алға шыққанымен, кейін қарсыласына мүмкіндік беріп, 6:12 есебімен жеңіліп қалды.

Ал маусым айында Айтмұхан Сент-Луисте өткен RAF 10 турнирінде америкалық Хайден Зиллмермен кездесті. Бұл жолы қазақстандық балуан қарсыласын 6:4 есебімен жеңіп, лигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?