Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан қоржынына пара үстел теннисінен қос "қола" түсті

Осы күндері Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында Азия Пара ойындары өтіп жатыр. 

Қазақстан қоржынына пара үстел теннисінен қос "қола" түсті
olympic.kz

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі жүлдеге қол жеткізді.

Пара үстел теннисі жарыстарында қазақстандық Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махұлбеков қола медаль иеленді. Отандасымыз бірінші класс бойынша А тобында өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы айналмалы жүйемен өткен төрт кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол қола медальға ие болды.

Ал Әли Махұлбеков 8-класс бойынша сынға түсті. Қазақстандық теннисші турнирде жартылай финалға дейін жетіп, финал жолдамасы үшін Қытай өкілі Чжао Шуаймен кездесті.

Жартылай финалдық матч 0:3 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды. Нәтижесінде Махұлбеков те Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?