Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Көздерінен шынайы махаббат көрінеді": Қазақстандық чемпионның жұбайымен түскен суреті елді сүйсінтті

Пара пауэрлифтингтен Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін жұбайымен бірге түскен суреттерін жариялады.

"Көздерінен шынайы махаббат көрінеді": Қазақстандық чемпионның жұбайымен түскен суреті елді сүйсінтті
instagram/@dav1d.dm

Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

Жапонияның Нагоя қаласындағы Азия Пара ойындарында қазақстандық пара пауэрлифтингші Давид Дегтярев кезекті ірі жетістігін бағындырды. 

Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 191 келіні көтерді. Осылайша өзінің жеке рекордын қайталап қана қоймай, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Бұл жеңіс Дегтяревке Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атануға мүмкіндік берді.

Чемпионның жұбайымен түскен суреті көпшілікті тәнті етті

Жарыста топ жарған Давид Дегтярев әлеуметтік желідегі парақшасында алтын медалін көрсетіп, жеңісті сәттерінен бірнеше фотосурет жариялады.

Бірақ жанкүйерлердің назарын әсіресе оның жұбайы Валериямен бірге түскен суреті аударды. Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасына сүйсініп, көптеген ізгі тілектер жазды.

  • "Көздерінен қаншама шынайылық пен мейірім байқалады. Керемет жастар екен!" 
  • "Өте жарасымды жұп!" 
  • "Екеуіңізге бақыт тілейміз!" 
  • "Нағыз чемпион! Сені мақтан тұтамыз!" 
  • "Біздің теңдессіз чемпионымыз!" – деп жазды желі қолданушылары.

Давид Дегтярев туралы не белгілі?

Давид Дегтярев 1996 жылы 12 маусымда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Ол – Қазақстан тарихындағы ең табысты параспортшылардың бірі.

2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған ол 2024 жылы Париж Паралимпиадасында да чемпиондық атағын қорғады.

Давид 2024 жылдың желтоқсанында пара пауэрлифтингпен айналысатын Валерия Смирноваға үйленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?