Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сәбина Алтынбекова Қырғызстанға ерекше алғыс айтып, көпшіліктің назарын аударды

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Бішкекте өткен әлемге әйгілі әнші Шакираның концертіне қатысып, алған әсерін бөлісті. 

Сәбина Алтынбекова Қырғызстанға ерекше алғыс айтып, көпшіліктің назарын аударды
instagram/@altynbekova_20

Алтынбекова Қырғызстанды мақтады

Қазақстандық волейбол жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында колумбиялық әнші Шакираның Бішкектегі концертінен алған әсерін жеткізді. Алтынбекова Instagram желісінде жариялаған жазбасында әншінің өнеріне тәнті болғанын айтып, көрші елдегі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

"Шакира керемет! Ал Қырғызстан жарады, бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған", – деп жазды Сәбина Алтынбекова.

Сонымен қатар волейболшы концертке бара алмаған жанкүйерлерін де назардан тыс қалдырмаған. Ол Instagram сторисінде Шакираның өнер көрсету сәттерінен көптеген бейнежазба жариялағанын хабарлады.

Шакира Орталық Азияда алғаш рет концерт берді

Әлемдік музыка жұлдызы Шакира 18 қазанда Бішкектегі "Бішкек Арена" стадионында өнер көрсетті.

Ауқымды музыкалық кеш әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты дүниежүзілік гастрольдік сапары аясында ұйымдастырылды.

Бұл колумбиялық орындаушының Орталық Азиядағы алғашқы концерті болды.

Шакираның өнерін тамашалау үшін Қырғызстан астанасына әлемнің 33 елінен жанкүйерлер жиналды. Олардың қатарында Қазақстаннан арнайы барған көрермендер де бар.

Концертке қатысқан Сәбина Алтынбекова көрші мемлекеттің осындай халықаралық деңгейдегі шараны өткізуіне оң бағасын берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?