Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шавкат Рахмонов күрес спаррингтеріне кірісті

UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов октагонға қайта оралуға дайындалып жатыр. 

Шавкат Рахмонов күрес спаррингтеріне кірісті
Vesti.kz

Жарақатына байланысты ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбеген "Номад" енді партердегі жаттығулар мен күрес спаррингтеріне кірісті. Шавкатпен бірге жаттыққан балуан әрі бапкер Айдар Асадулла әлеуметтік желіде бірлескен жаттығудан видео жариялады.

Кадрлардан Рахмоновтың сол тізесі әлі де арнайы тізелікпен бекітілгенін көруге болады.

"Бүгін дайындыққа Алматыдан спаринк партнер алдырттық. Шавкат досыммен жақсы алысып алдық", – деп жазды Асадулла.

Бұған дейін бокстан жаттығу видеосы тараған

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шавкат Рахмоновтың тік тұрып бокс техникасын пысықтап жатқан видеосы жарияланған еді.

Енді қазақстандық файтердің күрес жаттығуларына да кіріскені оның дайындық бағдарламасының біртіндеп кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста октагонға шықты. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?