Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бірден екі алтын: Қазақстандық парадзюдошылар Азия Пара ойындарында топ жарды

Зарина Райфова мен Ақтолқын Сейілбекова биылғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. 

Бірден екі алтын: Қазақстандық парадзюдошылар Азия Пара ойындарында топ жарды
inform.kz

Қазақстандық парадзюдошылар Зарина Райфова мен Ақтолқын Сейілбекова Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Зарина Райфова 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, J2 санатында финалдық белдесуде жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Ал Ақтолқын Сейілбекова да 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, бірақ J1 санатында өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының жүлделері көбейді

Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Ислам Сәлимов ұзындыққа секіруден Азия Пара ойындарының күміс жүлдесін иеленген.

Сондай-ақ Махамбет Серікқалиев ядро лақтырудан қола медаль алып, жеке рекордын жаңартқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?