Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Отандасымыз финалдық белдесуде ирандық Мұхаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.

Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
olympic.kz

Қазақстандық Жұрқамырза Шүкірбеков Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында парадзюдодан алтын медаль жеңіп алды. Ол J2 санатында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, Шүкірбеков финалдық белдесуде ирандық Мұхаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.

Қазақстандық парадзюдошылар тағы үш "қола" алды

Бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілдері Өтепов, Оңалбек және Мереке парадзюдодан қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ таңғы сессияда қазақстандық парадзюдошылар Зарина Райфова мен Ақтолқын Сейілбекова өз салмақ дәрежелері мен санаттарында жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына екі алтын медаль салды.

Жеңіл атлетикада да жүлделер бар

Қазақстандық жеңіл атлет Ислам Сәлимов ұзындыққа секіруден күміс медаль иеленді.

Ал Махамбет Серікқалиев ядро лақтырудан қола жүлде алып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?