Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық пара садақшылар Темірлан Сейтқамал мен Нұршат Төлеуқасым Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Садақшылар жұптық сында финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде Қытай құрамасына жол берді. Финалдық кездесудің үш сетінде де қытайлық садақшылар 31:37, 32:35, 35:37 есебімен басым түсті. Осылайша, Темірлан Сейтқамал мен Нұршат Төлеуқасым құрлықтық додада Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль салды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық паравелоспортшылар Азия Пара ойындарында тағы үш медаль жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ Ислам Сәлімов T13 санатында ұзындыққа секіруден күміс жүлдеге ие болса, Махамбет Серікқалиев ядро серпуден жеке рекордын жаңартып, қола медаль еншіледі. Әзірге ұлттық құрама қоржынында жалпы 31 медаль бар. Оның тоғызы - алтын, оны - күміс, он екісі - қола жүлде.