"Үлкен шоу болады": Әлімханұлының қарсыласы титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады
Бұл айқас WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы үшін өтеді.
Даниялық боксшы Якоб Банк қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
Бұл айқас WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Ол 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында ұйымдастырылады.
"Алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасамын"
Якоб Банк жанкүйерлерге арнаған видеосында алдағы жекпе-жектің өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.
"Ақыры бұл ресми түрде жарияланды. Мен Дания жерінде алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасамын. Сіздерді аренадан көремін деп үміттенемін", – деді Банк.
Даниялық боксшы титулдық айқастан не күтетінін де жасырмады.
"Үлкен шоу ұйымдастырып, Даниядан шыққан келесі ерлер арасындағы әлем чемпионы атану мүмкіндігін тағатсыздана күтіп жүрмін", – деді ол.
Әлімханұлы екінші салмақта чемпион атануы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл кездесу жаңа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді.
Бұған дейін "Қазақ стилі" орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерін иеленді.