Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Үш айдан кейін әлем чемпионы боламын": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді.

"Үш айдан кейін әлем чемпионы боламын": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
centralmedia24.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жеңіліссіз келе жатқан даниялық былғары қолғап шебері Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) өтетін титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.

Кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Әлімханұлы қарсыласын зерттегенін айтты

Қазақстандық боксшының сөзінше, оның командасы Якоб Банктің жекпе-жектерін зерттеп, қарсыласының осал тұстарын анықтаған. Енді дайындық барысында команда сол ерекшеліктерге басымдық бермек.

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында алдағы кездесу туралы қысқаша пікір білдірді.

"Жаңа салмақ дәрежесі. Жаңа деңгей. Бұйырса, үш айдан кейін екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы боламын!" – деп жазды боксшы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсеткен болатын. 

Якоб Банк те чемпиондықты көздейді

Бұған дейін даниялық Якоб Банк те алдағы жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы атануды мақсат ететінін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?