Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Үш апта қатарынан бірінші: "Барыс" қорғаушысы ҚХЛ рейтингін бастап тұр

Бүгін қазақстандық клуб Владивостокта жергілікті "Адмиралмен" кездеседі.

Үш апта қатарынан бірінші: "Барыс" қорғаушысы ҚХЛ рейтингін бастап тұр
tengrisport.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Логан Дэй Құрлықтық хоккей лигасы ойыншыларының рейтингінде үшінші апта қатарынан бірінші орынды берер емес.

ҚХЛ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жолы Дэйдің көрсеткіші 4,61 болды.

Ал "Металлург" қорғаушысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Валерий Орехов рейтингте алтыншы орынға көтерілді.

Рейтинг қалай есептеледі?

Қақпашылар үшін бір матчта орта есеппен қайтарылған соққылар саны есепке алынады. Ал орташа жіберілген шайба көрсеткіші жалпы нәтижеден шегеріледі.

Қорғаушылар мен шабуылшылардың ұпайларынан бөлек, "плюс/минус" көрсеткіші, бір матчтағы шайбаны тартып алу, күштік әдістер және бұғатталған соққылар саны да есептеледі.

Шабуылшылар үшін соғылған голдар да бөлек қарастырылады: тең құрамда, азшылықта және басымдық кезінде соғылған шайбалар жеке есепке алынады.

"Барыс" Шығыс конференциясында үшінші орында

Қазіргі уақытта "Барыс" 20 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.

Қазақстандық клуб бүгін Владивостокта жергілікті "Адмиралмен" кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?