Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" төрт шайба соқса да, ҚХЛ матчында жеңіліп қалды

Астаналық "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының кезекті кездесуінде Владивостоктың "Адмирал" клубына қарсы тартысты ойында овертаймда жеңіліс тапты. 

"Барыс" төрт шайба соқса да, ҚХЛ матчында жеңіліп қалды
hcbarys.kz

"Барыс" есепте екі рет алға шықты

Кездесудің алғашқы кезеңінде екі команда да қарсылас қақпасына жол таба алмады.

Екінші жиырма минуттықта ойын қыза түсті. 24-минутта "Адмирал" сапындағы Ибрагимов есеп ашты. Бірақ астаналықтар көп ұзамай таразы басын теңестірді. Джастин Бэйли 27-минутта мергендік танытса, 37-минутта Тайс Томпсон "Барысты" алға шығарды.

Осылайша қазақстандық клуб екінші кезеңді 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Үшінші кезеңде алты шайба соғылды

Шешуші кезең нағыз голдар тартысына айналды. Алдымен "Адмирал" ойыншысы Либор Шулак командасы сан жағынан кем болғанына қарамастан есепті теңестірді. Артынша Завгородний алаң иелерін алға шығарды.

Дегенмен "Барыс" хоккейшілері берілген жоқ. Чейз Приски сан басымдығын пайдаланып, есепті 3:3-ке жеткізді. Бұдан кейін Камара "Адмиралдың" төртінші шайбасын соқты. Ал 55-минутта Семен Симонов дәл соққысымен астаналық команданы жеңілістен құтқарып, кездесуді овертаймға ұластырды.

Қосымша уақытта владивостоктық клуб шешуші шайбаны соғып, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Михаил Кравец жаттықтыратын астаналық команда келесі кездесуін 26 қазанда өткізеді. "Барыс" Екатеринбургте "Автомобилистпен" күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?