Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты

Астананың "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының кезекті кездесуінде Екатеринбургтің "Автомобилист" командасынан ірі есеппен жеңілді.

"Барыс" қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты
hcbarys.kz

Сырт алаңда қарсыласына төтеп бере алмады

Кездесуде ресейлік клуб шабуылдағы мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, төрт мәрте мергендік танытты. "Автомобилист" сапында Джордан Гросс, Даниэль Спронг, Максим Тарасов және Роман Горбунов шайба соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.

Ал "Барыстың" жалғыз шайбасын Джейк Масси еншіледі. Сөйтіп елордалық хоккейшілер сырт алаңдағы кездесуді үш шайба айырмасымен ұтылды.

"Барыс" турнир кестесінде нешінші орында?

Бұл жеңілістен кейін астаналық клубтың еншісінде 19 матчтан кейін 21 ұпай бар. Қазақстандық команда Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Ал "Автомобилист" 20 ұпай жинап, турнир кестесінің жетінші сатысына жайғасты.

Астаналық хоккейшілер кезекті кездесуін 28 қазанда өткізеді. Бұл жолы Беларусь астанасында Минскінің "Динамосымен" күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?