Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Астанадағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамы жасақталды

2026 жылғы әлем чемпионаты 24 қазаннан 1 қарашаға дейін Астанадағы "Барыс Аренада" ұйымдастырылады.

Астанадағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамы жасақталды
olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады. Жарыс 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді.

Тізімде Қазақстан құрамасының еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі өкілдері бар. Кейбір салмақ дәрежелерінде бірден бірнеше үміткер көрсетілген.

Еркін күрес

  • 57 кг – Мейрамбек Қартбай, Саят Сисенбайұлы  
  • 61 кг – Асыл Айтақын  
  • 65 кг – Өсімжан Дастанбек  
  • 70 кг – Санжар Досжанов  
  • 74 кг – Нұрқожа Қайпанов  
  • 79 кг – Шамсат Таир  
  • 86 кг – Болат Сақаев  
  • 92 кг – Азамат Дәулетбеков, Азамат Түсіпбеков  
  • 97 кг – Ризабек Айтмұқан  
  • 125 кг – Едіге Қасымбек

Грек-рим күресі

  • 55 кг – Исхар Құрбаев  
  • 60 кг – Айдос Сұлтанғали  
  • 63 кг – Мейрамбек Айнағұлов  
  • 67 кг – Бағдат Сабаз, Сұлтан Әсетұлы, Ержет Жарлығасын  
  • 72 кг – Алматбек Аманбек, Николай Хапко  
  • 77 кг – Мерей Мәулітқанов  
  • 82 кг – Ибрагим Магомадов  
  • 87 кг – Нұрсұлтан Тұрсынов  
  • 97 кг – Ислам Евлоев  
  • 130 кг – Олжас Сырлыбай

Әйелдер күресі

  • 50 кг – Зейнеп Баянова  
  • 53 кг – Айнұр Әшімова  
  • 55 кг – Лаура Алмағанбетова  
  • 57 кг – Нилуфар Раимова  
  • 59 кг – Алтын Шағаева  
  • 62 кг – Ирина Кузнецова  
  • 65 кг – Бейбіт Сейдуалы  
  • 68 кг – Ирина Казюлина  
  • 72 кг – Жәмила Бақбергенова  
  • 76 кг – Гүлмарал Еркебаева

Құрам әлі өзгеруі мүмкін

UWW жариялаған тізім алдын ала өтінім болып саналады. Сондықтан жарыс басталғанға дейін жекелеген салмақ дәрежелеріндегі спортшылар құрамы өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, күрестен 2026 жылғы әлем чемпионаты 24 қазаннан 1 қарашаға дейін Астанадағы "Барыс Аренада" ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?