Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы бокстан ӘЧ алтыншы күнін жеңіліспен бастады

Черногорияның Будва қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 65 келі салмақта сынға түскен Айсұлу Мұхит жарыстың 1/8 финалында қарсыласына есе жіберді.

Қазақстан құрамасы бокстан ӘЧ алтыншы күнін жеңіліспен бастады
Instagram/@boxingkazakhstan

Нидерландтық боксшымен жұдырықтасты

Қазақстандық боксшы әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алу үшін нидерландтық Зое Вогелспен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті нидерландтық боксшыға берді. Вогелс төрешілердің бөлек шешімімен 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алса, Айсұлу Мұхит әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Бұған дейін канадалықты жеңген

Айта кетейік, бұл Айсұлу Мұхиттың Будвадағы әлем чемпионатында өткізген екінші жекпе-жегі болды. Отандасымыз алғашқы кездесуінде канадалық Мариан Тессьемен күш сынасып, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына 474 боксшы қатысып жатыр. World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Будва қаласында 16–27 қазан аралығында өтеді. Биылғы дүниежүзілік додаға 69 ұлттық федерацияның атынан 474 боксшы қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?