Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын тізе бүктірді

Еркетаң Жарқынбек Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы U19 әлем чемпионатында сенімді жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын тізе бүктірді
sports.kz

Мексикалық қарсыласынан басым түсті

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/8 финалда Рамиро Нуньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап Жарқынбек бастаманы өз қолына алды. Ол қарсыласына қарағанда белсендірек қимылдап, алғашқы раундты төрешілер шешімімен 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші үшминуттықта да қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Жарқынбек соққыларының дәлдігі мен шабуыл жиілігі жағынан басымдық танытып, төрешілердің қолдауына тағы ие болды.

5:0 есебімен жеңіске жетті

Шешуші үшінші раундта да Еркетаң Жарқынбек жекпе-жек тізгінін уысынан шығармады. Ол қарсыласының қарымта шабуылдарына төтеп беріп, кездесуді сенімді түрде аяқтады.

Нәтижесінде бес төрешінің барлығы қазақстандық боксшының жеңісін тіркеді. Қорытынды есеп – 5:0.

Осылайша Еркетаң Жарқынбек 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, медаль үшін күресті жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19