Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстандық парапауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алтын медаль иеленді. 

Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
Olympic.kz

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан жарыста отандасымыз құрлықтық дода рекордын жаңартты. Қазақстандық пауэрлифтинг шебері 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Дегтярев додада 191 келіні бағындырып, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Бұл салмақта қытайлық Ян Цзинлян күміс медаль алса, Индонезия спортшысы Хильман қола жүлдеге қол жеткізді.

Давид Дегтяревтің жеңісі Қазақстан құрамасы үшін осы Азия Пара ойындарындағы екінші алтын медаль болды. Бұған дейін Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден R1 санатында топ жарып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған еді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Жапониядағы жарыста жүлделі орындар үшін күресті жалғастырып жатыр. V Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтуде. Әлемдік додада Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?