Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ел Орда Алматыдағы бәйге маусымының жабылуында ҚР Президенті жүлдесін жеңіп алды

Алматы ипподромында тегіс бәйге маусымы аяқталды. Қорытынды жарыс күнінде жалпы жүлде қоры 64 млн теңгені құрайтын жеті бәйге өтті.

Ел Орда Алматыдағы бәйге маусымының жабылуында ҚР Президенті жүлдесін жеңіп алды
Olimpbet.kz

Күннің басты оқиғасы 1997 жылдан бері табысталып келе жатқан қазақстандық ат спортының ең беделді жүлделерінің бірі – ҚР Президенті жүлдесі болды. 2400 метр қашықтыққа еліміздің әр өңірінен он жылқы қатысты. 

Жеңімпаз Астанадан келген бес жасар Ел Орда атты айғыр болды. Оған Диас Жеңіс мінді. Ол 2400 метрді 2 минут 32,55 секундта бағындырып, Балобан мен Фантастик Куолити атты қарсыластарынан озып кетті. Ел Орданы Эдуард Ахмолдин баптайды, ал жылқының иесі – Ұлан Умаров. Жеңіс 20 миллион теңгелік жүлде қорынан жылқы иесіне 10 млн теңге әкелді. 

Ел Орда Алматыдағы бәйге маусымының жабылуында ҚР Президенті жүлдесін жеңіп алды
Фото: Olimpbet.kz

Осындай көлемдегі жүлде қоры Орталық Азияда өсірілген жылқыларға арналған Qazaqstan Breeders’ Cup бәйгесінде де сарапқа салынды. Мұнда Рамазан Табылдыев мінген үш жасар Ресми атты бие бірінші болып мәреге жетті. Ол 2400 метрді 2 минут 41,09 секундта өтті.

"Бейбарс" жылқы шаруашылығы мен бапкер Еділ Хусаинов үшін бұл сол күнгі екінші жеңіс болды: бұған дейін шаруашылыққа тиесілі екі жасар Рамзес Karabay Farm Breeders’ Cup Juvenile бәйгесін жеңіп алған еді.

Жокей Хакимбек Қожақов та екі рет жеңіске жетті. Алдымен ол екі жасар Джейн Уиннермен 1600 метр қашықтықта топ жарды, кейін Каххаар атты айғырмен үш шақырымдық Breeders’ Cup Stayers бәйгесінде жеңіске жетті. 

Екі жарыстың да мәресі өте тартысты болды. Джейн Уиннер Гүл Сарыдан небәрі 0,01 секундқа озып кетті. Дәл осындай аз ғана айырмашылықпен Каххаар Берил Рэйсерден басым түсті, ал үшінші орын алған Тенгрихан жеңімпазға небәрі 0,04 секунд ұтылды. 

Жокей Әсет Бекжанов та екі жеңісті өз еншісіне жазды. Ол Фрости Боймен 1200 метрлік спринт бәйгесінде 1 минут 11,34 секунд нәтижемен жеңіске жетті, ал екі жасар Адиятпен BBAG Breeders’ Cup Juvenile Open жарысында бірінші болды. Екі жылқыны да бапкер Алмаз Құлтасов дайындаған.

Ел Орда Алматыдағы бәйге маусымының жабылуында ҚР Президенті жүлдесін жеңіп алды
Фото: Olimpbet.kz

Маусымның жабылуында екі жасар жылқыларға ерекше назар аударылды. Qazaq Jockey Club мәліметінше, Juvenile сериясындағы кейбір қатысушылар 2026–2027 жылғы қысқы маусымда БАӘ-ге барып, халықаралық деңгейде өнерін жалғастыруы мүмкін.

Үш жыл ішінде маусымның қорытынды жарыстарының жүлде қоры 25 млн теңгеден 64 млн теңгеге дейін өсті. 2023 жылдан бері Қазақстандағы тегіс бәйгелер Olimpbet қолдауымен өтіп келеді. Маусым қорытындысын шығарған Qazaq Jockey Club атқарушы директоры Талғат Жайсанбаев Алматы ипподромын дамыту перспективалары туралы айтты.

"Мұндай бәйге күнін өткізу Алматы ипподромының әкімдік меншігіне қайта оралып, ат спорты іс-шараларына қайта ашылуының арқасында мүмкін болды. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ипподромды қайта жаңғыртып, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жоспарланып отыр. Бұл еліміздегі классикалық бәйгенің дамуына үлкен серпін береді", – деді Талғат Жайсанбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?