Алматыда 2026 жылғы бәйге маусымы аяқталды
Алматы ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионаты – OLIMPBET финалы өтті. Жарыстар 11 шақырымнан 35 шақырымға дейінгі қашықтықтарда ұйымдастырылды.
Бұған дейін бәйгеден ел чемпионатының іріктеу кезеңдері Қазақстанның жеті қаласында: Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанайда өтті. Жаңа маусым жарыс географиясын кеңейтіп, жаңа шабандоздарды тартты. Кейбір кезеңдерде жарыс жолына шамамен 150 шабандоз шықты.
Бәйгеден Қазақстан чемпионаты бесінші маусым қатарынан Olimpbet қолдауымен өткізіліп келеді. Бәйге федерациясы мен қазақстандық бизнес өкілінің серіктестігі жарысты тұрақты жалпыұлттық деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
"Бәйге – ұлттық мұрамыздың маңызды бөлігі. Сондықтан біз бес жылдан бері чемпионатты ерекше мақтанышпен қолдап келеміз. Жыл сайын бұл спортты өмірлік ісіне айналдырған адамдардың көбейіп келе жатқанын, жарыс географиясының кеңейіп, бәйге жолында жаңа есімдердің пайда болғанын көру ерекше қуантады", – деді Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.
Алматыдағы чемпионат финалында бес бәйге өтті. Қатысушылар ұлттық бәйге түрлері бойынша, сондай-ақ Қазақстанда туған жылқыларға арналған 11 шақырымдық арнайы жарыста сынға түсті. Қазақстанда туған жылқыларға арналған бәйге, де болды. Қашықтық – 11 км.
Бірінші орынды Сұлуқасқа атты тұлпармен жарысқан шабандоз Санжар Өмекей иеленді. Жылқы иесі – Ерасыл Балтабек, бапкері – Мейрамбек Табылдыев (Алматы облысы).
Екінші орын Саққұлақ атты тұлпармен жарысқан Ерсұлтан Жарқынға бұйырды. Жылқы иесі – Назар Алтынбай, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Алматы облысы).
Үшінші болып Сағадат атты тұлпармен Ержан Нұрсұлтан мәреге жетті. Жылқы иесі – Тастан Жанысбаев, бапкері – Санат Рысқұлов (Алматы облысы).
Құнан бәйге, 11 км
Құнан бәйгеде Авиация атты тұлпармен жарысқан шабандоз Нұржігіт Разақ бірінші орын алды. Жылқы иесі – Мұрат Қозыбаев, бапкері – Қуат Әбсәлямов (Алматы облысы).
Екінші болып Еркежирен атты тұлпармен Ерсұлтан Жарқын мәреге жетті. Жылқы иесі – Қасым Алтынбай, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Алматы облысы).
Үшінші орынды Хасуа атты тұлпармен Санжар Өмекей иеленді. Жылқы иесі – Ерасыл Балтабек, бапкері – Мейрамбек Табылдыев (Алматы облысы).
Топ бәйге, 18 км
Топ бәйгенің жеңімпазы Мамлюк атты тұлпармен жарысқан шабандоз Мейір Дәулетбай болды. Жылқы иесі – Ержан Екібаев, бапкері – Нұрдин Тәтібеков (Жамбыл облысы).
Екінші орынды Гун атты тұлпармен Айсұлтан Саматұлы иеленді. Жылқы иесі – Қасым Алтынбай, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Алматы облысы).
Үшінші болып Талдыбұлақ атты тұлпармен Нұрасыл Өсер мәреге жетті. Жылқы иесі әрі бапкері – Мұхамед Қалық (Жамбыл облысы).
Аламан бәйге, 25 км
Аламан бәйгеде Айман атты тұлпармен жарысқан шабандоз Нұрасыл Бекбатыр бірінші орын алды. Жылқы иесі – Жасыбай Нығманов, бапкері – Жомарт Рахымбердиев (Павлодар облысы).
Екінші болып МММ торы атты тұлпармен Санжар Өмекей мәреге жетті. Жылқы иесі әрі бапкері – Нұржігіт Табылдыев (Түркістан облысы).
Үшінші орынды Кито атты тұлпармен Дамир Ілесбек иеленді. Жылқы иесі әрі бапкері – Нұржігіт Табылдыев.
Ұлы аламан, 35 км
Күннің ең ұзақ жарысы – ұлы аламанда Ақбақай атты тұлпармен жарысқан шабандоз Әбумансұр Мержанұлы жеңіске жетті. Жылқы иесі – Мұрат Қозыбаев, бапкері – Серік Қазыбеков (Алматы облысы).
Екінші орынды Айбатыр атты тұлпармен Дамир Ілесбек иеленді. Жылқы иесі – KSK Nomad Arena, бапкері – Ержан Ақтасов (Алматы).
Үшінші болып Абадан атты тұлпармен Нұрислам Сайлау мәреге жетті. Жылқы иесі – Талант Сейдуәлиев, бапкері – Мақсат Мұраханбаев (Жамбыл облысы).