Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Екеуіңмен бір кеште кездесемін": "Абби" Ербутаев Тоқтар мен Баяновқа айқас ұсынды

Өзбекстан файтерінің айтуынша, ол екі спортшымен желтоқсан айында жұдырықтасуға дайын. 

"Екеуіңмен бір кеште кездесемін": "Абби" Ербутаев Тоқтар мен Баяновқа айқас ұсынды
sports.kz

Өзбекстандық ММА файтері Абдумалик "Абби" Ербутаев қазақстандық Еркебұлан Тоқтар мен Тазабек "Кракен" Баяновқа қатысты жоспарын жариялады.

Спортшы екі қарсыласпен де бір кеште жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

"Екеуіңмен де бір кеште шығамын"

Ербутаев Instagram парақшасында Тазабек Баяновқа үндеу жасап, желтоқсан айында Еркебұлан Тоқтармен де, "Кракенмен" де бір кеште кездесуге дайын екенін айтты.

"Тазабек, сенің досың Еркебұланмен де бір кеште төбелесемін. Менің Hype лигасымен келісімшартым бар, желтоқсанға дейін екеуіңмен де бір кеште шығуға дайынмын. Алдымен бірінші раундқа Еркебұлан шықсын, содан кейін сенімен жұдырықтасамын. Сендердің "көше деңгейі" дегендеріңнің не екенін көрсетемін. Досың Еркебұлан менен екі жылдан бері қашып жүр. Желтоқсанға дайынмын, Hype лигасы бәрін ұйымдастырады. Бұл видеоны оған жіберіңдер. Бұл – спорттық қызығушылық. Нағыз көше және соққы деңгейі қандай болатынын көрсетемін", – деді "Абби".

Ербутаев "Кракеннен" жеңілген

Ербутаев пен Баянов бұған дейін де кездескен. Олардың жекпе-жегі 2025 жылы өткен OCTAGON 75 турнирінде өтіп, Тазабек Баяновтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық файтер қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Еркебұлан Тоқтарға Абдумалик Ербутаев алғаш рет 2025 жылдың қараша айының соңында көпшілік алдында шақырту тастады. Ол OCTAGON 82 турнирінде жылдам нокаутпен жеңіске жеткеннен кейінгі сұхбатында Тоқтармен жекпе-жек өткізгісі келетінін ашық айтқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?