Түркиялық жанкүйерлер Абат Айымбетовке үндеу жасады
Түркиялық "Адана Демирспор" клубының жанкүйерлері Абат Айымбетовке қаржылық талаптары бойынша өтініш білдірді.
Қазіргі уақытта "Адана Демирспор" жанкүйерлердің басқаруына өткен. Үндеуде клуб бұрынғы басшылықтың қателіктері мен орындалмаған уәделеріне байланысты күрделі қаржылықтарға тап болғаны мәлімденген.
Әлеуметтік желіде жариялаған жазбада Абат Айымбетовтың ФИФА-ға жолдаған ісі команданың болашағына әсер ететінін, қазір клубқа институционалдық немесе ұйымдық деңгейде қаржылай қолдау көрсетілмей отырғаны жазылды.
"Сізден қаржылық талаптарыңыздан бас тарту мүмкіндігін қарастыруды немесе клубтың болашағын сақтап қалуға көмектесу үшін төлемнің тиімдірек шарттарын ұсынуды құрметпен сұраймыз. "Адана Демирспорды" сақтап қалу — тек футбол клубын емес, миллиондаған адамның футболға деген құштарлығын, тарихын және адалдығын сақтау деген сөз. Осындай қиын кезеңде сіздің түсіністік танытып, қолдау көрсетуіңіз клубымыз бен оның болашағы үшін аса маңызды болмақ."
Қазақстандық футболшы әзірге жанкүйерлердің өтінішіне қатысты ресми мәлімдеме жарияламады.
Абат Айымбетов түркиялық клуб сапына 2024 жылдың ақпан айында қосылған. Аданалықтардың Суперлигадағы сәтсіздігінен кейін футболшы румыниялық "Петролулмен" келісімшарт жасасты. Қазақстандық шабуылшы қазір "Ақтөбеде" өнер көрсетеді.