Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан мен Швейцария арасындағы матч Смақовтың голымен өтті

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Словакиядағы Youth Nations Cup халықаралық турнирінде Швейцарияға 2:1 есебімен есе жіберді. 

Қазақстан мен Швейцария арасындағы матч Смақовтың голымен өтті
Instagram/@kff_jastar

Қазақстан құрамасының жалғыз голын Аламгир Смақов соқты. Ол бұған дейін Словакиямен 1:1 есебімен аяқталған кездесуде де мергендік танытқан.

Аға жаттықтырушы Тимур Қасымов Швейцарияға қарсы матчқа мына ойыншыларды шығарды: Алдашев, Артурұлы, Жексенбек, Мамедов, Қағазбаев, Мұсайыпов, Керімхан, Исмағұлов, Қалиқұлов, Смақов, Орынбасар.

Қазақстан U-19 құрамасы турнирдегі соңғы кездесуін 1 қазанда Польшаға қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21