Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Біз 40 жылға артта қалдық": Алматыда ат жарысына тұрақты алаң не үшін қажет

10 қазанда Алматы ипподромында бәйге маусымы аяқталады. Қала меншігіне қайтарылғаннан кейін ол қазақстандық асыл тұқымды жылқыларды дайындау мен іріктеудің негізгі алаңына айналуы тиіс.

"Біз 40 жылға артта қалдық": Алматыда ат жарысына тұрақты алаң не үшін қажет
olimpbet.kz

2000-жылдардың басынан бері Алматы ипподромы жеке меншікте болды. Осы уақыт ішінде 2030 жылы жүз жылдығын атап өтетін тарихи нысан аумақты құрылысқа беру жоспарларына байланысты бірнеше рет бұзылу қаупіне тап болды. 2026 жылдың тамызында нысан Алматының коммуналдық меншігіне қайтарылды.

"90-жылдардан бастап, егемендік алған сәттен бері ол жерге бірде-бір адам, бірде-бір компания ештеңе салған жоқ. Сондықтан, әрине, ипподромның жабдықталуы жағынан біз 40 жылға артта қалдық", – дейді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.

Қазір клуб пен жылқы шаруашылығы саласының өкілдері Алматы ипподромын одан әрі дамытуға арналған техникалық тапсырманы әзірлеуге қатысып жатыр.

"Ең алдымен біз жылқылар мен жокейлердің қауіпсіздігін ойлаймыз, сондықтан аттар тайып кетпеуі және жарақат алмауы үшін жол мінсіз болуы керек".

Qazaq Jockey Club төрағасының түсіндіруінше, сапалы жабындыда тұрақты түрде бәйге өткізу тұқымның ең үздік өкілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Кейін олар Қазақстандағы асыл тұқымды жылқылардың генофондын көбейтуге пайдаланылады.

Тұрақты жарыстардың маңызы туралы айта келе, Мақсат Ахаев күрделі кезеңде ат спорты қауымдастығына көмектескен Olimpbet компаниясының рөлін атап өтті. Olimpbet 2023 жылдан бері Қазақстандағы тегіс бәйгелерді қолдап келеді.

"Ипподромның қалаға қайтарылуы – бүкіл ат спорты қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Qazaq Jockey Club-ты және осы алаңның болашағы болуы үшін жылдар бойы еңбек еткен барша жанды құттықтағым келеді!", - деді компанияның даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.

Бәйге маусымы Алматы ипподромында 10 қазанда аяқталады. Бұл күні бәйге жарыстары және бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Екі турнир де Olimpbet қолдауымен ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?