Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азия ойындары – 2026: Қазақстандық боксшылар неше медаль жеңіп алды?

Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларындағы Азия ойындарында Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты.

Азия ойындары – 2026: Қазақстандық боксшылар неше медаль жеңіп алды?
Instagram/@boxingkazakhstan

Жартылай финалға кімдер өтті?

Ширек финалда Қазақстан атынан жеті боксшы жұдырықтасты. Олардың бесеуі келесі кезеңге жолдама алды:

  • Махмұд Сабырхан 55 кг
  • Төрехан Сабырхан 70 кг
  • Айбек Оралбай 90 кг-нан жоғары
  • Алуа Балқыбекова 51 кг
  • Наталья Богданова 75 кг

Нұрбек Оралбай 90 келідегі ширек финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан ұтылды. Ал 65 келідегі Аида Әбікеева бұған дейін қытайлық Ли Шуға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.

Медаль саны әлі өсуі мүмкін

Бокста жартылай финалға шыққандар кемінде қола жүлдеге ие болады. Сондықтан Қазақстан құрамасы Азия ойындары – 2026 бокс турнирінде бес медальға кепілдік берді. Олардың нақты жүлде дәрежесі алдағы жекпе-жектерден кейін анықталады.

Жартылай финал кездесулері 29–30 қыркүйекте, финалдық айқастар 2 қазанда өтеді. Азия ойындарына Қазақстанның ерлер құрамасынан алты, әйелдер құрамасынан бес боксшы қатысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?