Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ақнұр Тұрсынғали финалда бразилиялық қарсыласына есе жіберді

Қазақстандық боксшы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 турнирінің финалында бразилиялық Сара Кампосқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Ақнұр Тұрсынғали финалда бразилиялық қарсыласына есе жіберді
instagram.com/olympickz/

Финалдағы жекпе-жек қалай өтті?

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуін Ақнұр сәтті бастады. Қарсы шабуылға иек артқан қазақстандық боксшы алғашқы раундта төрешілердің басым дауысымен алға шықты – 3:2.

Бірақ екінші раундта Кампос қарқынын күшейтіп, бес төрешінің де бағалауында басым түсті – 5:0. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Сара Кампосқа берді. Осылайша бразилиялық былғары қолғап шебері Олимпиада чемпионы атанса, Тұрсынғали жарысты күміс медальмен аяқтады.

Жартылай финалда қазақстандық боксшы украиналық Петрукты 4:1 есебімен жеңген. Ал Кампос венгриялық Киштен 5:0 есебімен басым түсті. 

Бейбарыс Әшірбай "алтын" үшін айқасады

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Бейбарыс Әшірбай да финалда өнер көрсетеді. Жастар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 70 келіге дейінгі салмақта британиялық Майкл Монмен кездеседі.

Жекпе-жек 12 қарашада Астана уақытымен сағат 18:00-ден кейін өтеді деп жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?