Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы Дакардағы жарыста жеңілсе де жүлдеге ілікті

Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алды. 

Қазақстандық боксшы Дакардағы жарыста жеңілсе де жүлдеге ілікті
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Екі қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты

Алғашқы жекпе-жекте Марал Төлепберген Ұлыбритания өкілі Джая Калсиден басым түсті.

Келесі кезеңде қазақстандық боксшы мысырлық Хаджер Эльшербини Вахбуды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалдық жолдама үшін өткен кездесуде Төлепберген Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомановаға қарсы рингке шықты. Төрешілер жекпе-жектің қорытындысы бойынша өзбекстандық спортшыға 5:0 есебімен жеңіс берді. Осылайша, Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Марал Төлепбергеннің жүлдесі Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіп алған кезекті медалі болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?