Қуат Хамитов бабына келуге тырысқан Елеусіновке жол көрсетті
ММА шебері Қуат Хамитов бабына келуге күш салып жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке кеңес берді.
Хамитов Елеусіновке не деді?
Рио Олимпиадасының жеңімпазы Instagram парақшасында үйдегі жаттығуынан видео жариялады. Кадрда Елеусінов ауыр қаппен жұмыс істеп, соққыларын пысықтап жатыр.
Жазбаға пікір қалдырған "Найман" лақап атымен танымал Қуат Хамитов оған Қазақстан құрамасының боксшыларымен бірге дайындалуға кеңес берді.
"Чемпион, бұрынғы жақсы күндердегідей әуесқойлармен бір-екі оқу-жаттығу жиынынан өту керек…", – деп жазды Хамитов.
Олимпиада чемпионы бабына келуге тырысып жүр
Данияр Елеусінов қазір спорттық бабын қалпына келтіруге күш салып жүр.
Боксшы биыл мас күйінде болған оқиғаларға байланысты екі рет әкімшілік қамаққа алынған. Кейін Елеусінов алкогольге тәуелділікпен күресіп жүргенін өзі айтқан.
Бұл туралы не ойлайсыз?