Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Футболды тоқтату керек": Қуат Хамитов даулы мәлімдеме жасады

Жуырда қазақстандық ММА файтері Душанбеде өткен айқаста нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

"Футболды тоқтату керек": Қуат Хамитов даулы мәлімдеме жасады
kazfootball.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Душанбеде өткен ACA 209 турниріндегі жеңісінен кейін жасаған перформансын түсіндірді.

Естеріңізде болса, Хамитов ресейлік Алексей Махноны нокаутпен жеңген соң октагонға Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесін алып шыққан еді.

"Бүкіл Қазақстан менің футболға қарсы күресіп жүргенімді біледі. Мен футболшылардың үйде отырып, ештеңе істемей, миллиардтаған ақша алғанын қаламаймын. Ал біз, файтерлер, бір-бірімізді өлтіре төбелесеміз де, соған ештеңе алмаймыз. Керісінше, бізді өлтіреді. Сондықтан кез келген спорт түрінде әділдік болуы керек. Оның үстіне біз жауынгер халықпыз, жекпе-жек біздің қанымызда. Егер сен жауынгер болсаң, балетпен неге айналысасың? Сондықтан футболды тоқтату керек. Нағыз футболға, оның болашағына шын алаңдайтындар ғана қалсын. Болды", – деді Хамитов.

Айта кетейік, ACA 209 турнирінде Қуат Хамитов ресейлік Алексей Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Алайда қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов бонустан қағылғаны туралы хабарланды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?