Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Самородов пен Кенжебекті жаңа бапкер жаттықтыруы мүмкін

Бұған дейін БАҚ-та "Ахматтың" қазіргі бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған болатын.

Самородов пен Кенжебекті жаңа бапкер жаттықтыруы мүмкін
Vesti.kz

Грозныйдың "Ахмат" клубына ресейлік маман Ролан Гусев бас бапкер болып келмек.

"РБ-Спорт" мәліметінше, Гусев Воронеждің "Факел" клубын басқару нұсқасынан бас тартып, мансабын Грозныйда жалғастыруды жөн көрген.

Бұған дейін БАҚ-та "Ахматтың" қазіргі бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған болатын. Бұл мәлімет Ресей Премьер-лигасының 13-туры аясында грозныйлық клубтың Мәскеудің "Динамосынан" сырт алаңда 0:2 есебімен жеңілгенінен кейін шықты.

"Ахматта" екі қазақстандық футболшы ойнайды

"Ахмат" сапында Қазақстан құрамасының шабуылшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.

"Динамоға" қарсы кездесуді Самородов негізгі құрамда бастап, 76-минутта алмастырылды.

Ал Ғалымжан Кенжебек матч өтініміне енген жоқ.

Команда қауіпті аймақта тұр

Ресей чемпионатындағы 13 матчтан кейін "Ахматтың" еншісінде 11 ұпай бар.

Грозныйлық клуб турнир кестесінде Премьер-лигадан түсіп қалу аймағында орналасқан.

Келесі матчта "Ахмат" 7 қарашада "Родинамен" кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?