Ризабек Айтмұқан Астанадағы әлем чемпионатынан кейін ота жасатты
Мәскеудегі клиникалардың бірі Instagram парақшасында спортшының операция алдындағы жағдайы мен хирургиялық емнің барысы көрсетілген видео жариялады.
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Мәскеуде тізесіне операция жасатты.
Мәскеудегі клиникалардың бірі Instagram парақшасында спортшының операция алдындағы жағдайы мен хирургиялық емнің барысы көрсетілген видео жариялады.
"Бүгін Ризабекке операция жасаймыз. Ол күрес кезінде алғашқы белдесудің өзінде тізе буынында ауырсыну сезген. МРТ нәтижесін қарадық, операция жасауға көрсетілім бар. Бізден көмек сұрады. Біраздан кейін операция бөлмесіне барамыз", – деді дәрігер.
Әлем чемпионатын ерте аяқтады
Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде ресейлік, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевпен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.
Айтмұқанның жұбаныш белдесулеріне шығу мүмкіндігі Садулаевтың келесі айналымдағы нәтижесіне байланысты болды. Алайда ресейлік балуан келесі кезеңде америкалық Кайл Снайдерден жеңіліп қалды. Соның салдарынан Ризабек жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.