Қазақстан Grand Slam турнирінде екінші "қола" еншіледі
Дзюдошы Марат Байқамұров Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Ресейлік қарсыласын жеңді
Байқамұров 100 келіге дейінгі салмақтың үшінші орын үшін белдесуде ресейлік Адам Сангариевпен күш сынасты. Қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Марат турнирдің ширек финалына дейін жеткенімен, осы кезеңде ресейлік Идар Бифовқа есе жіберді.
Бұдан кейін жұбаныш белдесуінде америкалық Даниэль Любимовскиді жеңді. Бұл нәтиже оған қола медаль үшін күресуге мүмкіндік берді.
Қазақстан қоржынында — екі қола
Байқамұровтың жүлдесі Қазақстан құрамасының Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде алған екінші медалі болды.
Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола жүлде еншілеген еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?