Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінде қола медальсыз қалды

Қазақстандық дзюдошы Abu Dhabi Grand Slam-2026 халықаралық турнирінде жүлдеге бір қадам қалғанда жеңіліс тапты. 

Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінде қола медальсыз қалды
instagram/@kaz_judoteam

Турнирді екі жеңіспен бастады

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла жарысты 1/16 финалдан бастады.

Қазақстандық дзюдошы алғашқы белдесуінде бразилиялық Габриэль Фалькаоны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Одан кейін Украинаның қазіргі чемпионы Владислав Колобовтан басым түсіп, ширек финалға шықты.

Дегенмен жүлдеге бастар жолда отандасымыз күтпеген кедергіге тап болды. Ширек финалда молдовалық Петр Пеливанға жол берген Қайролла жұбаныш белдесулеріне қатысуға мәжбүр болды.

Қола медаль үшін белдесу қалай аяқталды?

Жұбаныш кезеңінде қазақстандық дзюдошы қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевпен кездесті.

Тартысты белдесу барысында қарсыласы үш рет ескерту алып, жарыстан шеттетілді. Нәтижесінде жеңіс Жалғас Қайроллаға беріліп, ол қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Үшінші орын үшін шешуші кездесуде отандасымыз словениялық Игорь Цурканмен күш сынасты. Өкінішке қарай бұл жолы жеңіс қарсыласқа бұйырды. Словениялық дзюдошы иппон әдісімен таза жеңіске жетіп, қола жүлдені иеленді.

Осылайша Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі беделді Grand Slam турнирін бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Жалғас Қайролла бұған дейін Qazaqstan Barysy Grand Slam-2026 халықаралық жарысында топ жарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?