Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина 2026 жылдың соңына басты тілегін айтты

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші Токиодағы турнирде өнер көрсетіп жатыр. 

Елена Рыбакина 2026 жылдың соңына басты тілегін айтты
sportarena.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан турнирде жапондардың Дарума қуыршағымен тілек тілеу дәстүріне қатысты.

Спортшының басты тілегі – 2026 жылды WTA рейтингінің бірінші орнында аяқтау.

Рыбакина тілегін қағазға жазды

Дарума – папье-машеден жасалатын, төңкерілсе қайта қалпына келетін қуыршақ. Жапон мәдениетінде ол табандылық пен мақсатқа жетудің символы саналады.

Дәстүр бойынша адам тілек тілегеннен кейін қуыршақтың боялмаған бір көзіне қарашық салады. Егер тілек орындалса, екінші көзі де боялады.

Елена Рыбакина жыл қорытындысында әлемнің бірінші ракеткасы болып қалғысы келетінін арнайы қағазға жазған.

Алғашқы қарсыласы – Юлия Путинцева

Токиодағы турнирде Рыбакинаның алғашқы қарсыласы қазақстандық Юлия Путинцева болады. 1/8 финалдағы кездесу 29 қазанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?