Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жәмила Бақбергенова ӘЧ-ның финал жолдамасы үшін күресті

Қазақстандық белгілі балуан Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады.

Жәмила Бақбергенова ӘЧ-ның финал жолдамасы үшін күресті
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайлық балуанға есе жіберді

Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан қытайлық Зелу Лимен кездесті. 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері саналатын 25 жастағы қытайлық балуан тартысты кездесуде 4:2 есебімен басым түсті.

Осылайша Жәмила Бақбергенова өз елінде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласу мүмкіндігінен айырылды. Енді ол қола медаль үшін күреседі.

Жартылай финалға қалай жетті?

Бұған дейін Бақбергенова әлем біріншілігін сәтті бастап, екі қарсыласын айқын басымдықпен жеңген. Қазақстандық балуан алдымен молдовалық Эмилия Кричуннан басым түсті. Кейін украиналық Надежда Соколовскаяны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

30 жастағы Жәмила Бақбергенова – Қазақстан әйелдер күресінің көшбасшыларының бірі.

Ол 2020, 2022, 2023 және 2025 жылдары Азия чемпионы атанған. Сонымен қатар 2021, 2022 және 2024 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал 2023 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль иеленді.

Бұдан бөлек, Бақбергенова 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2026 жылы Иван Ярыгин кубогында топ жарды.

Қазақстандық балуан қазіргі таңда әлемдік рейтингте төртінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?