Ресей, Өзбекстан, Қазақстан: Бокстан қай құрама әлем чемпионатында көш бастады
Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды медаль есебі белгілі болды.
World Boxing аясында ұйымдастырылған жарыста Ресей құрамасы бірінші орынға, Өзбекстан екінші орынға тұрақтады. Қазақстан жалпы есепті төртінші сатыда аяқтады.
Ресейлік боксшылар әлем чемпионатында 5 алтын және 5 күміс медаль жеңіп алды. Команданың жалпы жүлде саны – 10.
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты:
- 4 алтын;
- 2 күміс;
- 2 қола
Жалпы жүлде саны – 8.
Үшінші орынды АҚШ құрамасы алды. Америкалық боксшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп, турнирді бес жүлдемен аяқтады.
Қазақстан қоржынында сегіз медаль
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жалпы медаль есебінде төртінші орынға тұрақтады.
Ұлттық команданың еншісінде:
- 1 алтын;
- 3 күміс;
- 4 қола.
Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырған U19 әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынды.