Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің ықтимал қарсыластары тізіміне енді

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ.

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің ықтимал қарсыластары тізіміне енді
forbes.kz

Ислам Махачевтің (29-1) бапкері Хавьер Мендес қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0) өз шәкірті үшін қалаулы қарсыластар тізіміне қосты.

Мендестің айтуынша, егер Рахмонов октагонға оралса, болашақта оның Махачевпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Мендес үш қарсыласты атады

Бапкер Махачев үшін өзі көргісі келетін үш қарсыласты атап өтті.

"Меніңше, Ислам алдымен Пратеске қарсы, кейін Моралеске қарсы белбеуін қорғағысы келер еді. Одан кейін, егер Шавкат оралса, онымен жекпе-жек өткізсе деймін. Содан кейін Ислам мансабын жалғастыра ма, жоқ па – соны көреміз", – деді Мендес.

Ол бұл тізімнің Махачевтің емес, өзінің жеке қалауы екенін де нақтылады.

"Бұл үш адам – менің вишлистімде, Исламның емес. Егер Ислам бір ғана жекпе-жек өткізіп, содан кейін мансабын аяқтауды шешсе, менің бүкіл тізімімнің мәні қалмайды. Бапкердің сөзі ештеңе шешпейді. Қайда баратынын жүргізуші анықтайды, ал жүргізуші – Ислам", – деді ол.

Шавкат 2024 жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шыққан.

Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) жеңді. Содан бері қазақстандық файтер жарақатына байланысты ұзақ уақыт жарыстардан тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?